Негізгі экспериментальды қондырғылар
ВВР-К зерттеу атом реакторы
1967 жылы іске қосылды. Бассейн тектес жылы нейтронды реактор. Жылу тасығыш, баяулатқыш және шағылыстырғыш - тұзсыз су. Жылы нейтрондардың максималды тығыздығы: 1,4 х 1014 н/см2с. Жылу қуаттылығы - 6 МВт.
Науқан ұзақтығы: 14 тәулік. Реактор кешенінде фундаменталды ядролық-физикалық, заттану зерттеулері және реактор ішінде сынақ жұмыстары, медициналық радиоизотоптар және гамма-көздерінің өндірісі, нейтрондық-активациялық талдау жұмыстары жүргізіледі.
Изохрондық циклотрон
НИИЭФА-да (Ресей, Ленинград қ.) жасалған. 1965 ж. классикалық тәртіпте 10 МэВ/нуклон (p, d, aa) нақтыланған бөлшектер энергиясымен іске енгізілген. 1972 ж. реттелетін ион энергиясымен изохрондық режимге көшірілді.
Газ-қайтару жүйесі, сыртқы сәулені тасымалдау жүйесі, қатты денелі нысынада сәулені суретке түсіру, сәуленің контактысыз диагностика жүйесі және б. іске қосылды. Ядролық физика, радиациялық заттану, элементтердің радиациялық төзімділігі және басқа облыстарда қолданылады.
Кішігабаритті циклотрон
1972 ж. ЯФИ-да жасалды, Алматы (Қазақстан) қаласы. Протондар 1 МэВ энергиясына дейін бірнеше жүз рет мкА дейін үдетіледі. Циклотронның түрлі жүйелерін - басты облысын, магниттік өрісін, иондар көздерін және б. зерттеуде қолданылады.
УКП-2-1 электростатикалық қайта зарядтау үдеткіші
Протондардың, ауыр иондардың (таллийге дейін) және 2МэВ/нуклон энергиялы инертті газдардың үдетілген сәулелері алынды. Жетілдіру жұмыстарының арқасында 1МэВ протондар энергиясы арқылы ~100 эВ дейін сәуленің энергетикалық шашырауға жеткізді. УКП-2-1 үдеткішінде төменэнергетикалық ядролық физика, қатты дене физикасы, плазма физикасы, экология және медицина салаларында жұмыстар жүргізіледі.
ЭЛВ-4 электрондар үдеткіші
Индукциялық каскадты көбейткіш негізінде салынған. Электрондарды 40кВТ эхнергиясына дейін үдетуге мүмкіндік береді. Үдеткіш полимерлерді радиациялық жолмен тігу және дәрігерлік құрал-жабдықтарды стерилизациялау үшін қолданылады.
