Ядролық физика институтының тарихы
Қазақстан Республикасының
ғалым-физиктері ХХ ғасырдың елуінші жылдарының басында-ақ ядролық
физика саласында және атом энергиясын халық шарушылығында пайдалануда
іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерді дамытудың қажеттілігін
айтты.Ядролық физика институтын құруда біздің уақыттың көрнекті
ғалымдары Қаныш Имантайұлы Сатпаев пен Игорь
Васильевич Курчатов шешуші міндет атқарды. Қазақ ССР Ғылым
Академиясының Президенті, академик Қ.И. Сатпаев өзінің
КСРО Министрлер Кеңесі мен КОКП ОК жолдауында былай деп жазды:
"Қазақстанның өндірістік күштерін орасан кеңейту Қазақстанда соған сай
ғылымды күшейтуді және ең әуелі өнеркәсіптің, ауыл шаруашылығының және
денсаулық сақтаудың барлық салаларына ядролық физиканың соңғы
жетістіктерін енгізуді қажет етеді". Институты құру жөніндегі жұмысқа
академик И.В. Курчатов тұрақты назар аударды.
Кеңес Одағы мен Қазақ КСР үкіметтері Қазақстаннның көптеген белгілі
ғылым-физиктерінің өтінулерін қолдады және КСРО Министрлер Кеңесінің №
524-263 1957 жылғы 17 мамырдағы Қаулысы мен Қазақстан КП ОК мен ҚазКСР
Министрлер Кеңесінің 1957 жылғы 16 шілдедегі № 462-30с Қаулысы
негіздерінде Қазақ КСР Ғылым Академиясының Президиумы Қазақ КСР Ғылым
Академиясының Физика-техникалық институтының негізінде Ядролық физика
институтын құру туралы 1957 жылғы 25 шілдедегі №-14/4 Қаулысын
шығарды.
Ядролық физика институтының құрылысы 1959 жылы іздестіру жұмыстарын
жүргізуден, қызметтік, тұрғын және көмекші жайларды жобалаудан
басталды. 1961 - 1967 жылдар аралығында Институттың барлық негізгі
объектері салынып іске қосылды.
1993 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығын
ұйымдастыруға байланысты Ядролық физика институты оның құрамына еншілес
кәсіпорын ретінде кірді.
Ядролық физика институтының директорлары болғандар:
- 1958 ден 1965 ж. дейін - ҚазКСР ҒА академигі Латышев Г.Д.,
- 1965 тен 1970 ж. дейін - ҚазКСР ҒА академигі Такибаев Ж.С.,
- 1970 тен 1987 ж. дейін - ҚазКСР ҒА академигі Ибрагимов Ш.Ш.,
- 1987 ден 1997 ж. дейін - ҚР КСР ҒА корр.- мүшесі Жетбаев А.Қ.,
- 1997 ден 2007 ж. дейін - ҚР ҰИА академигі Кадыржанов Қ.К.
Осы кезде Ядролық физика институтының директоры Тулеушев Ә.Ж.
Ядролық физика институтының негізгі ғылыми бағыттарын дамытуға үлкен үлес қосқандар:
- ҚазКСР ҒА академигі Неменов Л.М. - төмен және орташа энергия физикасы, У-150 циклотронын жобалау және іске қосу;
- ҚазКСР ҒА академигі Корсунский М.И. - қатты дене физикасы;
- ҚазКСР ҒА академигі Кельман В.М. - физикалық электроника, масс-спектроскопия;
- ҚазКСР ҒА академигі Такибаев Ж.С. - жоғарғы энергиялар мен ғарыш сәулелерінің физикасы;
- ҚазКСР ҒА академигі Латышев Г.Д. - ядролық спектрскопия;
- ҚазКСР ҒА академигі Ибрагимов Ш.Ш. - қатты дене радиациялық физикасы;
- ҚазКСР ҒА корреспондент-мүшесі Каипов Д.К. - ядролық гамма-резонанстық шашырау, ультрасуық нейтрондардың түзілу процестері;
- ҚазКСР ҒА корреспондент-мүшесі Жетбаев А.К. - қатты денелердегі радиациялық құбылыстардың гамма-резонанстық спектрскопиясы;
- ҚР ҰИА академигі Кадыржанов
Қ.К. - қатты дененің радиациялық физикасы.
